Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ№25 орта мектебінде 5-6 сынып оқушылары арасында «Сөз мерген » сайысы өтті.

Дата: 2016-02-20 09:00:20
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ№25 орта мектебінде 5-6 сынып оқушылары арасында «Сөз мерген » сайысы өтті.

    Ақпан айының 13-і күні мектебімізде 5-6 сыныптар арасында «Сөз мерген» сайысы өтті. Сайысқа 6А сыныптың «Жалын»тобы,  5А сыныптың «Пырақ» тобы және 5Б сыныбының «Тұлпар» топтары қатысты. Сайыстың мақсаты – оқушыларды шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

 І кезең  - «Сәлем – сөздің атасы». Бұл кезеңде әр топ өздерінің аттарын, ұрандарын, төсбелгілерін (эмблема) таныстырып өтті.

ІІ кезең «Кім жылдам» кезеңінде  оқушылар экранда берілген сөздер бойынша мақал - мәтелдер айтты.

ІІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр» деп аталды.Кезеңнің шарты бойынша оқушылар тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашты.

ІV кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңінде жасырылған жұмбақтың шешуін тауып, жауабына байланысты мақал - мәтел айтылды.

V кезең «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде оқушылар адасқан сөздерден мақал құрап, алғырлықтарын көрсете білді.

    

     Сайыс соңында әділ-қазылар алқасының шешімімен І орынға 6А сыныбы, ІІ орынға 5Б сынып сыныбы және ІІІ орынға  5А сыныбы ие болды.Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

                                                                         Аға тәлімгер: Қалиақпар Н.О.