Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 7-10 сыныптар арасында «Ең үздік таза сынып» апталығы өтті.

Дата: 2016-02-20 05:38:52

   Мектеп ішін тазалап, сынып бөлмелерін таза ұстау  мақсатымен бізде бір апталық жоспар қолға алынған еді. Қаңтар айының 12-18 аралығында  өзін-өзі басқару мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ең үздік таза сынып» атты 7-10 сыныптарға арналған апталық өткізілді. Мақсаты: жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру. Әдептілік, имандылық, құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы жас ұрпағын еңбексүйгіштікке, рухани жаны таза адам болуға тәрбиелеу.

 

   Апталық барысында мектеп президенті Хуанған Айдана және тазалық министрлері Абланова Айсұлу, Нұржанова Айзат әр сыныптың сынып бөлмелерін қадағалап, мониторинг жүргізіп отырды. Оқушылар акцияға белсенділік танытып , сынып бөлмелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

    «Ең үздік таза сынып» акциясының қорытындысы бойынша  І орынға 10 сынып, ІІ орынға 8 сынып , ІІІ орынға 7 және 9 сынып оқушылары ие болды.

Аға тәлімгер: Қалиақпар Н.О.