«Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» атты сап жиынның өткізілгені туралы ақпар

Дата: 2015-12-19 09:51:53

        Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін № 25 орта мектебінде     14 желтоқсан күні сағат 13.30-да Тәуелсіздік күніне  арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты салтанатты сап жиыны өтті. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды өз елінің өткен күндерімен ,тәуелсіздік жолында басынан өткерген оқиғаларымен таныстыра отырып ,оларда адамгершілік , патриоттық сезім қалыптастыру.Ата-бабамыздың біздің қолымыз жеткен тәуелсіздікті қалай аңсағанын бала санасына сіңірту.

       Сап жиынға барлығы 2-11 сынып оқушыларынан 300 бала , Ұланбасы,ту ұстаушылар,әскери жетекші қатысты.Тәуелсіздік күніне арналған сап жиыны еліміздің әнұранымен басталды.Жиынды директордың оқу ісі меңгерушісі  С.С.Амирбаева ашты. Сап жиынында мектебіміздің ұстаздары мен білім алушылары Тәуелсіздік құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.

11 сынып оқушысы Тәңірберген Айдана «Желтоқсан желі» әнін өз мәнерінде орындады. 2 сыныптың 6 үздік білім алушылары Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды. Оларға галстук пен төсбелгіні 11-сынып оқушылары тақты.

6 сынып оқушыларынан құралған үгіт-насихат тобы «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстары туралы тақпақтарын айтты.  «Жас Ұлан»ұйымының ұраны мен әнін жасұландықтар өздеріне деген нық сеніммен орындады. 6 Б сынып білім алушысы Мәжит Әділеттің  орындауындағы Н.Тілендиевтың «Әлқиса күйі» көпшіліктің көңілінен шығып,мерекелік көңіл күй сыйлады.

         Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып,егемен елдің ұрпағының еңсесі биік,көкірегі ояу,керегесі кең,терезесі тең елде өмір сүрсін.Қазақстанға оңайлықпен келмеген Тәуелсіздікті қастерлей ,қадірлей білейік! Егеменді Қазақстан жасасын!

 

Аға тәлімгер Қалиақпар Н.О.