"Желтоқсан-тәуелсіздік бастауы"

Дата: 2015-12-12 07:18:59

      Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде желтоқсан айының 12- сі күні Тәуелсіздік күні қарсаңында 9-10 сыныптар арасында "Желтоқсан тәуелсіздік бастауы" атты интеллектуалды сайыс болып өтті. Сайысқа 9 сынып оқушылары Қаниев Бақытбек, Құдайберген Нұрқанат және 10 сынып оқушылары Эржанат Динара мен Қамбар Балнұр қатысты.

    Сайыстың ережелеріне сай оқушылар өз білімдерін ортаға салды.Сайыстың барлық кезеңдерінің сұрақтарына дұрыс жауап беріп, 9 сынып оқушысы Құдайберген Нұрқанат жеңімпаз атанды.