Нархоз университетінің өкілдері ZOOM платформасы арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау

Дата: 2024-03-27 11:36:40

2024 жылдың 12 наурызында Алматы қаласындағы Нархоз университетінің өкілдері ZOOM платформасы арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мақсатында Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Оқушылар университтеттің тарихымен, мамандықтарымен танысты. Мектеп түлектеріне университетке түсу талаптары, білім беру бағдарламаларымен таныстырып, түлектерді қызықтыратын көкейтесті сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, оқуға түсу үшін қажетті бейіндік пәндер, қызмет саласы және мамандардың болашақ жұмыс орындары туралы толық мəліметтер ұсынылды.