«Бала – ата-ананың көз қуанышы, жүрегінің нұры, жанының бір жапырақ бөлшегі»

Дата: 2024-02-23 17:36:40

Мектебімізде 2024 жылдың ақпанның 16 күні Ата-аналарды қолдау орталығының бағдарламасы аясында «Бала – ата-ананың көз қуанышы, жүрегінің нұры, жанының бір жапырақ бөлшегі» тақырыбында 5-9 сыныптың ата-аналарына арналған дәріс сабағы өтті.
Мақсаты: Ата - ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Отбасының мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.