«Қауіпсіз жаз - 2015»

Дата: 2015-06-16 04:21:37

  Жазғы демалыстың ең қызықты сәттерінің бірі - суға шомылатын кезең. Бірақ көңілді шара барысында балалардың есіне қауіпсіздік шаралары келе бермейді. Балалардың  қауіпсіздігін қамтамасыз етумақсатында мектебіміздің «Жасдәурен» жазғы алаңының тәрбиеленушілері 10 маусым күні  «Суда қорғау бекетіне» саяхат жасады. 

    Саяхат барысында балаларға бекет мамандары суға шомылу кезінде ұстанатын жеті негізгі ереже бар екендігін айтты. 12 жасқа дейінгі балалар тек ата-аналардың қарауынсыз   суға шомылуға рұқсат етілмейтіндігін түсіндірді.

    Водолаз – мамандар суға кеткен адамды құтқару кезіндегі  алғашқы жәрдемді қалай жасау керектігін көрсетті.

     Балалар тек қауіпсіздік шараларын біліп қана қоймай,  сондай-ақ әр түрлі қайық түрлерін, су мұнара басындағы бақылау-дүрбісін, құтқарушы иттерді, су көліктерін көріп қызықтады.
 

 

Тәрбие ісі орынбасары: Р.М.Болсамбекова