«Сарбаздар » ұлдар клубының мүшелері

Дата: 2024-02-23 16:33:46

Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде 2023-2024 оқу жылының қазан айының 11-і күні «Сарбаздар » ұлдар клубының мүшелері мен ДТІЖО М.М.Жолдасбекова ,Д.Ж.Мусаханова,мектеп мейірбикесі Б.А.Тускееваның жоспарлап ұйымдастыруымен «ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ- БАСТЫ МІНДЕТ тақырыбында ұлдар жиналысы өтті. Жиынға 7-10 сыныптың ұл балалары қатысты. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, сонымен қатар ұлдар тәрбиесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.