Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі бойынша «1 маусым – Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2015-06-02 09:13:48
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі бойынша  «1 маусым – Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған  іс-шаралар ақпары

 

      №25 орта мектебінде 2015 жылы 1- маусымда сағат 10.00-де «Жасдәурен» жазғы алаңы І кезеңнің ашылу салтанаты  өтті. Алаңның ашылу салтанаты «Қазақстан балалары – Нұры жолмен!» атты республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Салтанатты жиын директордың міндетін атқарушы С.С.Амирбаеваның балаларды «1 маусым – Балаларды қорғау күні» мерекесімен құттықтау сөзінен басталды. Алаңның ашылу салтанатында балалар  Отан, туған ел , жазғы демалыс  туралы жыр-шумақтар айтты. Алаң тәрбиешілері Р.М.Болсамбекова, М.Е.Ботаханова балаларды екі топқа бөлген соң  барлық балалар «Біз бақытты балдырған» әнін шырқады. «Күншуақ» тобы «Көңілді оқушылар» биін биледі, «Балдырған» тобы «Ертегілер» әнін орындады.

     Сағат 11.00-де «Жасдәурен» жазғы алаңында «Жұлдызды сәт» көңілді ойындар сайысы басталды.   Балаларды ойын шартымен таныстырғаннан кейін, әр топ өзінің маршрут қағаздарын алды. Ойынның шарты бойынша екі топ «Қызықты бекет» тапсырмаларын орындады.

Сағат 12.00-де мектеп кортында «Көңілді старт» спорттық ойындар сайысы өтті.  Екі топ балалары  «Кім жылдам?», «Кенгуру», «Бәріміз бірге» атты эстафеталық жарыстарда күш сынасты. Барлық бала спорттық ойындарға белсене қатысты.   «Көңілді старт» эстафеталық жарыста «Балдырған» тобы жеңіске жетті.

Сағат 12.30-да  Қонырат кентінің орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Біз бақытты балдырған» атты асфальтқа сурет салу сайысы өтті.  Балалар «Бақытты балалық шақ», «1 маусым – Балаларды қорғау күні», «Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен» тақырыптарында асфальтқа сурет салды.  І орынды  Сыздықов Дамир, ІІ орынды Сарсембаева Асылай, ІІІ орынды Еркебаев Темірлан иеленді.

 Алаңның бірінші мерекелік күні балаларға арналған тәтті тартумен аяқталды.

                               

Мектеп директорының м.а.                           С.С.Амирбаева

 

 

Орындаған: Р.М.Болсамбекова –алаң тәрбиешісі

Н.О.Қалиақпар – аға тәлімгер