«Жігіт сұлтаны» байқауы

Дата: 2015-05-29 05:49:58

   Халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.

   Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында 6 ақпан күні мектебімізде өзін –өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Байқауды 9 «Б» сынып оқушылары Асхатқызы Асима мен Хуанған Айдана жүргізді. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Таныстыру кезеңінде қатысушылардың өзін –өзі ерекше таныстыруы сөйлеу мәнері бағаланды. Байқаудың 2 кезеңінде қатысушылар салт – дәстүрге  байланысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар жігіттеріміз қыз балалардың шашын өруден  , гир көтеруден жарысты. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші қатысушылар еркін тақырыпта өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың соңғы  кезеңінде жігіттеріміздің  табиғи материалдардан жасалған киім үлгілерін тамашаладық.Әділ-қазылар шешімін шығарғанша 4 «А» сынып ұлдары мен 5 «А» сынып қыздары би биледі.

Байқаудың қорытындысы бойынша 8 сынып оқушысы Асеров Нұрсалім «Ержүрек» номинациясына,9 «Б» сынып оқушысы Әртай Дәулет «Парасатты» номинациясына,10сынып оқушысы Эржанат Жандос «Өнерлі»номинациясына ие болса ,9 «А» сынып оқушысы Солтан Абылай «Сұлтан» номинациясына ие болды.

  

 

 

                                                                        Аға тәлімгер: Қалиақпар Н.О.