Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 9-11 сынып оқушылары кәсіби бағдарлау мақсатында "Коунрад мыс компаниясы" ЖШС кәсіпорнына өндірістік саяхат жасады.

Дата: 2023-11-27 15:29:53

2023 жылдың 23 қарашасында Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 9-11 сынып оқушылары кәсіби бағдарлау мақсатында "Коунрад мыс компаниясы" ЖШС кәсіпорнына өндірістік саяхат жасады. Аталған өндіріс мыс өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорын болып табылады. Өндірісте оқушыларға кәсіпорынның тарихы, қызметі, міндеттері, қойылатын талаптар туралы теориялық сабақтар және техникалық қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары бейнеролик арқылы жүргізілді.Сонымен қатар бұл саладағы сұранысқа ие мамандықтармен жақын танысты. Өндірістегі эколог маман өңірдегі экология мәселесі қаншалықты маңызды екенін оқушыларға түсіндіріп өтті. Кәсіпорынның негізгі мақсаты үйінділерден мысты тиімді өндіру және алынған шикізатты өңдеу арқылы дайын өнім ( катодты мыс) алу, осы мысты алу процесін кәсіпорын маманы тәжірибелік жұмыс жасау арқылы көрсетті.
Мысты электролиздеу бөлімше цехына шығу үшін арнайы делеткелер мен бас киімдер берілді. Оқушылар цехқа барып, қалай мыс шығарылатынын және әртүрлі мамандық иелерінің қалай жұмыс істеп жатқанын көрді. Кәсіпорынға саяхаттап барған оқушылар ерекше әсермен қайтты.
Осы өндірістік саяхатты ұйымдастырған "Коунрад мыс компаниясы" ЖШС- нің директоры Семенченко Павел Тимофеевичке, корпоративтік коммуникациялар жөніндегі маманы Абугалиева Диляра мен PR - маман Бегдары Алияға мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз