«Екі жұлдыз» байқауы өтті.

Дата: 2015-05-22 10:30:44

«Екі жұлдыз» байқауы.

    Адам жанын тебірентетін өнерден өзге ғаламат жоқ, өнерсіз өмір тұл болса, өнерден хабарсыз адам рухани жетім деуге болады. Біз музыкамен мұңая да аламыз, қуана да аламыз, ойлана да аламыз.

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей.

     Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай20 ақпан күні мектебімізде өзін – өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Байқауға мектеп ұстаздары мен мектеп оқушыларынан құралған 9 жұп қатысты. Байқауды технология мұғалімі Маратұлы Аслан мен 10 сынып оқушысы Әсет Әсел жүргізді.Бірінші сайыскерлер Оспанова Айгүл Көбейсінқызы мен 9 «А» сынып оқушысы Серік Аяулым «Мереке» әнін шырқаса, Имашова Мақпал Баймұратқызы мен 6 сынып оқушысы Серік Анель «Армансыз күнім болмайды»әнін шырқады.Одан бөлек «Жібектің елі», «Ақ тілек», «Халқыма », «Махаббат», «Қазақ елі осындай», «Ертегілер», «Асыл досым» сынды әндер шырқалды. Әділ-қазылар алқасы шешімін шығарғанша жүргізушілер көрермендермен ойын жүргізді. Қазылардың шешімі бойынша «Екі жұлдыз» номинациясы мен бас жүлдені Бөлеген Жанболат пен 10 сынып оқушысы Аркенова Ақмарал жеңіп алды. 1 орынды Гүлнар Мейірханқызы мен 5 «Б» сынып оқушысы Асқатқызы Аруна иеленді. 2 орынды Бақыт Төлеуханқызы мен 5 «А» сынып оқушысы Қалиева Маржан иеленсе, Нығыметжанова Гүлжанат пен 5 «А» сынып оқушысы Асерова Нұрай 3 орынды иеленді. Байқаудың соңында Екі жұлдыз әні орындалды.

  

 

                                                                            Аға тәлімгер: Қалиақпар Н.О.