Сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы

Дата: 2023-11-13 08:01:42

2023 жылдың қараша айының 9 күні сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы өтті. Отырыста бірқатар мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде:
1) Ашық сынып сағаттарын өткізудің жылдық жоспарын бекіту.
2) «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» сабақтарын өткізудің жоспар- кестесін бекіту,сабақтардың әзірлемесімен таныстыру.
3) Әр түрлі сұрақтар,жас снып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету.
«Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2023жылғы 15 тамыздағы №4 хаттамасына сәйкес, ата-аналарға өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруда көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру, педагогикалық қолдау көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының ашылуына байланысты мектеп әкімшілігі мен педагогтеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» әр аптаның сенбі күндері1-4 сынып білім алушылары, 5-8 сынып білім алушылары, 9-11 сынып білім алушылары ата-аналарына берілген тақырыпта тәжірибесі мол, шығармашыл ұстаздардың дайындығымен ата-аналар қауымына сабақ жүргізетін жұмыс тобының құрамы құрылды.Сынып жетекшілер бірлестігінің отырысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.М.Жолдасбекова мен Д.Ж.Мусаханова,сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі А.Қ.Разахберлі өткізді.Сонымен бірге,мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жоспары бойынша өткізілетін сабақтар және оның жоспарымен таныстырып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сынып жетекшілер отырысының шешімі жасалып,ұсыныстар берілді.Сынып жетекшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.