"Ата-аналар психологиялық педагогикалық қолдау отырысы" жобасы аясында бірінші отырыс өтті.

Дата: 2023-11-08 14:25:18

"Ата-аналар психологиялық педагогикалық қолдау отырысы" жобасы аясында бірінші отырыс өтті.

2023-2024 оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі КММ-сінде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру бойынша қызмет ұйымдастырылды.


2023-2024 оқу жылына ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы бекітілді.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру арқылы «Мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы» жаңа бағытын құра отырып, Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына Бағдарламаны іске асыру қосылды..
1-11-сынып жетекшілері ата-аналардың Бағдарламаға қатысуын қамтамасыз етуде, Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.
2023 жылдың 20 қазан күні мектебімізде «Даналық мектебі» жобасының отырысы өтті.Отырысқа 1-11 сыныптың ата-аналары келіп,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Д.Ж.Мусаханова мен М.М.Жолдасбекова биылғы жылы жүргізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырып,ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.Биылғы жылы бірлескен жұмыс өзінің оң нәтижесін беретіндігіне тағы бір мәрте көзіміз жетті.