«Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы

Дата: 2023-11-08 14:15:22

Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде қараша айының 2-сі күні 1Ажәне 1Б сыныбында «Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1)Оқушылар қауіпсіздігі.
2)Мектеп формасына қойылатын талаптар.
3)Әртүрлі мәселелер.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп,ата-аналар өз ойларын айтып,жиналыс соңында ойындар ойнатылып,көтеріңкі көңіл -күймен үйлеріне тарасты.

Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.