9-сынып оқушылары "Балқаш сервис" колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты.

Дата: 2023-11-08 13:22:05

2023 жылдың 3 қарашасында кәсіби бағдар беру бойынша Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 9-сынып оқушылары "Балқаш сервис" колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты. Мақсаты: мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу. Оқушылар шаштараз, аспаз, туризм мамандықтарының қыр - сырымен танысып, тағамдар дайындаудағы тәжірибелік жұмыстарға қатысып, өз сұрақтарына жауап алып қайтты.