«Жыл мұғалімі» облыстық байқауының қалалық кезең

Дата: 2023-10-13 08:40:13

«Жыл мұғалімі» облыстық байқауының қалалық кезеңі аясында 12 қазан күні биология пәнінің мұғалімі Мамырбаева Мадина Магруповна Ә.Ермеков атындағы №15 мектеп-лицейінде 8 «А» сыныбына ашық сабағын өткізді. Ереже бойынша сабақ мұғалімге таныс емес сыныпта өтті. Сабақ тақырыбы: «Асқазан-ішек жолдарының аурулары және тамақтану гигиенасы». Сабақ барысында оқушылар іс-әрекеттің барлық түрлеріне белсенді қатысты. Білім алушылар асқазан-ішек жолдарының аурулары және тамақтану гигиенасы бойынша әр түрлі тапсырмалар орындады.«Миға шабуыл», биологиялық диктант, жаднама дайындау, жеке, жұппен, топтық жұмыстар, орындаған тапсырмаларының дұрыстығын тексеру, өзара бағалау, сабақ соңындағы «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы сабақты қортындылау, кері байланыс алу балаларға қызықты болды. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!