«Қыз бала гигиенасымен таныстыру» тақырыбында жиналыс өткізіліп, баяндама оқылды.

Дата: 2023-10-12 16:50:46

«Сырғалым» қыздар клубының мүшелері , ДТІЖО  М.М.Жолдасбекова  Д.Ж.Мусаханова,мектеп мейірбикесі Б.А.Тускееваның  жоспарлап ұйымдастырумен қазан айының 11-і күні  «Қыз бала гигиенасымен таныстыру» тақырыбында жиналыс өткізіліп, баяндама оқылды.
Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу. Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Баяндама сұхбат, әңгімелесу, сұрақ-жауап арқылы өтілді. Қыз тәрбиесі туралы жалпы түсінік берілді. Қыздардың мектеп ішінде ғана емес, көшеде дұрыс киінуі, жүріс-тұрысы қалай болу керектігі туралы айтылды. Ұйым мүшелеріне міндеттер бөлініп берілді.
Баяндама барысында қыздардың өздеріне тән қылығы мен мінезі болу керектігі айтылды. Ситуациялық жағдаяттар шешілді