«Сарбаздар » ұлдар клубының мүшелері мен ДТІЖО М.М.Жолдасбекова ,Д.Ж.Мусаханова,мектеп мейірбикесі Б.А.Тускееваның жоспарлап ұйымдастыруымен "ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ- БАСТЫ МІНДЕТ" тақырыбында ұлдар жиналысы өтті.

Дата: 2023-10-12 16:48:16

Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде 2023-2024 оқу жылының  қазан айының 11-і күні «Сарбаздар » ұлдар клубының мүшелері мен ДТІЖО  М.М.Жолдасбекова ,Д.Ж.Мусаханова,мектеп мейірбикесі Б.А.Тускееваның  жоспарлап ұйымдастыруымен «ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ- БАСТЫ МІНДЕТ тақырыбында ұлдар жиналысы өтті. Жиынға 7-10 сыныптың ұл балалары. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, сонымен қатар ұлдар тәрбиесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.