«Жыл мұғалімі» облыстық байқауының мектепішілік кезеңі аясында 2023 жылдың 28 қыркүйегінде бастауыш сынып мұғалімі Разақберлі Арайлым Қанағатқызы 2 «ә» сыныбында математикадан ашық сабағын өткізді.

Дата: 2023-10-09 13:28:51

«Жыл мұғалімі» облыстық байқауының мектепішілік кезеңі аясында 2023 жылдың 28 қыркүйегінде бастауыш сынып мұғалімі Разақберлі Арайлым Қанағатқызы 2 «ә» сыныбында математикадан ашық сабағын өткізді. Тақырыбы: «100 көлеміндегі сандарды разрядтан аттап ауызша қосу және азайту». Сабақ барысында оқушылар іс-әрекеттің барлық түрлеріне белсенді қатысты. Оқушыларға қосудың және азайтудың терімділік, ауыстырымдылық, үлестірімділік тәсілдерімен өрнектерді есептеу қызықты болды. Мұғалімнің жетекшілігімен есеп құрастыру, оның шешілу дұрыстығын тексеру, өзара бағалау, саралау тапсырмаларын орындау арқылы балалар тапсырмаларды белсенді орындады. Сабақтың әр кезеңіндегі бағалау сабақтың мақсатқа жетуіне әкелді. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!