«Жыл мұғалімі» облыстық байқауының мектепішілік кезеңі аясында 2023 жылдың 29 қыргүйегінде биология пәнінің мұғалімі Мамырбаева Мадина Магруповна 8 «А» сыныбында ашық сабағын өткізді.

Дата: 2023-10-09 13:21:57

«Жыл мұғалімі» облыстық байқауының мектепішілік кезеңі аясында 2023 жылдың 29 қыргүйегінде биология пәнінің мұғалімі Мамырбаева Мадина Магруповна 8 «А» сыныбында ашық сабағын өткізді. Сабақ тақырыбы: «Саңырауқұлақтар патшалығы». Сабақ барысында оқушылар іс-әрекеттің барлық түрлеріне белсенді қатысты. Білім алушылар саңырауқұлақтардың ерекшелігін, саңырауқұлақтардағы жануарлардың және өсімдіктердің белгілері арасындағы байланысты анықтау жұмыстарын орындады. «Миға шабуыл» әдісі, семантикалық картамен жұмыс, сәйкестендіру, жеке, жұппен, топтық жұмыстар, орындаған тапсырмаларының дұрыстығын тексеру, өзара бағалау, саралау тапсырмаларын орындау, сабақ соңындағы «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы сабақты қортындылау балаларға қызықты болды. Сабақ мақсатына жетті. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!