Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ, 2023 жылдың 18-қыркүйегінде 3 «А» сынып оқушыларымен «Сен өз құқығыңды білесің бе»? тақырыбында сынып сағаты өтті

Дата: 2023-09-26 13:54:56

Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ, 2023 жылдың 18-қыркүйегінде 3 «А» сынып оқушыларымен «Сен өз құқығыңды білесің бе»? тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларда адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.
Аталған тақырыптағы сынып сағаты арқылы білім алушыларды адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие берілді.
Жас ерекшелігіне байланысты оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыруда, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге және өмірде қолдана білуге үйрету жұмыстары жүргізілді.