«Әкешім – бәйтерегім» атты тақырыпта фотоколлаж

Дата: 2023-06-20 14:25:45

2023 жылдың 18 маусым - әкелер күніне орай 1-6 сынып оқушылары арасында «Әкешім – бәйтерегім» атты тақырыпта фотоколлаж ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Қазақ қоғамында әке - қорған, әке - асыраушы, әке - айбын. «Әке» деген сөзді, әкеге қатысты әнді, өлеңді естіген кезде жігерленбейтін, қуаттанбайтын жан жоқ шығар. Бұл өмірде «Әке» деген осынау ардақты сөзде қаншама айдынды да асқақ, салмақты да жігерлі, қайратты да мәртебелі мағына бар. Ер-азамат қашанда ел қорғаны, отбасының тірегі. Отбасы институтын қалыптастыру, бала тәрбиесіне әкелердің араласуына мүмкіндік жасау өте маңызды. 18-маусым әкелер күні құтты болсын!