“Жасдәурен” жазғы алаңы II күн

Дата: 2023-06-07 13:04:32

6-маусым күні “Жасдәурен” жазғы алаңы балаларды қарсы алудан басталып, таңғы жаттығу, сергіту сәттері жасалынды. Тәрбиешілердің ұйымдастыруымен әр түрлі қызықты ойындар “Санмен бөлу”, “Мимика”, “Би жарыс”, “Сымсыз телефон”, “Әріптерден сөз құрау” ойыны ойнатылды.