Терроризмге қарсы іс-әрекет жаттығулары

Дата: 2023-05-15 15:16:20

Балқаш қаласы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі" КММ -де терроризмге қарсы іс-әрекет жаттығулары өткізілді.
Оқу- жаттығу мақсаты :
жалпы – оқу орнында төтенше жағдай орын алған кезінде АҚ шараларын орындауға даярлығын тексеру;
басшы, оқытушы құрамдар үшін – оқу орнында төтенше жағдай орын алған кезінде АҚ шараларын ұйымдастыру мен өткізуге практикалық дағдыларды қалыптастыру;
оқушылар үшін - оқу орнында төтенше жағдай орын алған кезінде сауатты іс-әрекеттер мен өзін-өзі дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру.
Жаттығуға қатысушылар :
- 20 адам оқытушылар құрамы;
- 243 оқушылар.
- 8 кіші қызметкерлер.
Оқу-жаттығу ереже талаптарына сай, сапалы өтті. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Аскаров А.А. жетекшілігімен оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, өрт шыққан жағдайда эвакуациялау жаттығулары және төтенше жағдайда болған уақытта оқушыларға қандай қимыл әрекет жасау керегі айтылды.