Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

Дата: 2023-05-15 15:06:37

14.04.23 күні 1-11 сынып ата-аналары үшін жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыста қарастырылған мәселелер:
1) Балқаш қаласы, ПБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Жукин Е.М “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2. “Балқаш қаласының Орталық емханасы” КММ жанындағы “Ғибрат” жастар орталығының педиатр-дәрігері Клюнников Сергей Владимирович “Вакцинациядан бас тартудың медициналық салдары. Баланың денесіне зиянды әдеттердің әсері-темекі шегу, алкоголь, есірткі” тақырыбында дәріс оқыды.
3. “Балқаш қаласының Орталық емханасы” КММ жанындағы “Ғибрат” жастар орталығының психологы Ледовская Татьяна Владимировна “Әр түрлі жастағы балалардағы психологиялық проблемалар, оларды шешу жолдары” тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
4. Әртүлі мәселелер бойынша ДТІЖО М.М. Жолдасбекова айтып өтті. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға кері байланыс берілді.