Мектепалды даярлық сыныптарының ата-аналары үшін жиналыс

Дата: 2023-05-15 08:21:35

14.02.23 күні мектепалды даярлық сыныптарының ата-аналары үшін жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, тәрбиешілер, ата-аналар қатысты.
Жиналыста қарастырылған мәселелер:
1) Мектеп директоры Г.С.Мейрбекова 1 сыныпқа құжат қабылдау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді;
2) Мектеп психологы Д.Ж.Сагымбекова «Үлгілі ата-ана: сіздің балаңыз бірінші сыныпта» тақырыбында ата-аналарға педагогикалық-психологиялық тренинг жүргізді;
3) Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Д.Ж.Мусаханова мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша айтып өтті.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға кері байланыс берілді.