Жалпы ата - аналар жиналысы

Дата: 2023-05-14 23:22:32

19.01.23ж күні сағат 17.00-де мектебіміздің 5-11 сынып ата-аналары Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының төрағалығымен өткен облыстық онлайн ZOOM платформасында жалпы ата - аналар жиналысына қатысты.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. Оқушылардың құқықбұзушылық және қылмыстық істеріне ата - аналардың әкімшілік жауапкершілігі туралы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соты Искакбаев Кенжебай Дарбаевич баяндады.
2.Полиция майоры Омарова Асель Бахытжановна терроризм туралы жалған ақпаратқа берілетін жауапкершілік туралы айтып өтті.
3. Наркотикалық заттардың түрлері және оларды қолдану мен таратудың алдын - алу шаралары туралы полиция полковнигі Бузук Александр Владимирович ақпарат берді.
Барлығы 60 ата-ана қатысты.