«Өз көңіл күйіңе ықпал ет, оны жақсарт» тақырыбында психологиялық коммуникативті тренинг

Дата: 2023-05-14 22:58:24

24.01.2023 жылы мектебіміздің педагог- психологы Д.Ж.Сагымбекова 9А сынып оқушылары арасында психоэмоционалды жағдайды дамыту және аутодеструктивті және асоциалды мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Өз көңіл күйіңе ықпал ет, оны жақсарт» тақырыбында психологиялық коммуникативті тренинг өткізді.
Қатысушылар өздерін сабырлы сезінді, өз сезімдері туралы ашық айтты. Тренинг нәтижесінде қарым-қатынас мәселелерін диагностикалау және шешу, вербалды емес және вербалды қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өз сезімін тану, өз эмоцияларын жеңе білу жүзеге асырылды. Оқушылар конструктивті мінез-құлықтың жаңа тәсілдері туралы түсініктерін кеңейтті, проблемалық жағдайларды шешуде тәжірибе жинақтады.