9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Жас Қыран» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі

Дата: 2023-05-14 18:25:38

2023 жылдың мамыр айының 3 күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Жас Қыран» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі өткізілді. «Жас Қыран» ұйымына қабылдау мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Сап жиынын мектебіміздің ардагер ұстазы Мейрбекова Т құттықтау сөзімен ашып берді. Сап жиынында 2А және 2Б сыныбының 38 үздік және озат оқитын, қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын білім алушылары «Жас Қыран» ұйымына қабылданды. «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға төсбелгілерді ұстаздар, “Парасат” мектеп парламентінің министрлері, “Жас Ұлан” ұйымының ұланбасысы тақты. Қабылданушылар патриот болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді. Қалижан Ақтоты «Қазақстан» әнін шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады.