«Ұлттар фестивалі» байқауы

Дата: 2023-05-14 18:22:42

2023 жылдың 28-сәуір күні "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ-де 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні аясында 5-10 сыныптар арасында «Ұлттар фестивалі» байқауы өтті.
Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, өнерін, өзіндік үлгі-өнегесін келешек ұрпақтың бойына сіңіру.
Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес, өздеріне берілген елімізде тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, тұрмысын сахналап, өнерлерін көрсетті: 5А - орыс халқы, 5Б - қырғыз халқы, 6А - түрік халқы, 6Б - қазақ халқы, 7А - жапон халқы, 7Б - өзбек халқы, 8А - кәріс халқы, 8Б - француз халқы, 9А - грузия халқы, 9Б - татар халқы, 10 сынып - украин халқы.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
5-7 сыныптар арасында:
Бас жүлде - 5А сыныбы;
I орын - 6Б сыныбы;
II орын - 5Б, 6А сыныптары;
III орын - 7А, 7Б сыныптары;

8-10 сыныптар арасында:
I орын - 10-сынып;
II орын - 8Б, 9А сыныптары;
III орын - 8А, 9Б сыныптары;