“Абайлаңыз, балақай!” акциясы

Дата: 2023-05-14 18:02:13

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Сондықтанда білім беру ұйымдарында жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Осыған орай, “Абайлаңыз, балақай!” акциясы өткізілуде. Іс-шара аясында барлық мектептегі білім алушыларға «Жолда жүру ережесі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы тақырып аясында Балқаш қаласы, ПБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Жукин Е.М бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді.