“Алғыс бәріңе” атты іс-шарасы

Дата: 2023-05-14 17:44:45

Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
1-наурыз Алғыс айту күніне орай “Парасат” мектеп парламентінің мүшелерінің ұйымдастыруымен “Алғыс бәріңе” атты іс-шарасы өтті. Мақсаты: ұстаздарға, оқушыларға, кіші қызметкерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және алғыс білдіру.