«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты салтанатты сап жиыны

Дата: 2023-05-14 17:20:40

Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 ЖББ мектебінде 15-желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты салтанатты сап жиыны өтті. Мақсаты: оқушыларды өз елінің өткен күндерімен, тәуелсіздік жолында басынан өткерген оқиғаларымен таныстыра отырып, адамгершілік, патриоттық сезім қалыптастыру. Ата-бабамыздың біздің қолымыз жеткен тәуелсіздікті қалай аңсағанын оқушы санасына сіңірту.
Сап жиынға барлығы 3-11 сынып оқушылары қатысты. Тәуелсіздік күніне арналған сап жиын еліміздің әнұранымен басталды. Жиынды мектеп директоры Г.С.Мейрбекова ашты. Сап жиынында мектебіміздің ұстаздары мен білім алушылары Тәуелсіздік құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.
7Б сынып оқушысы Мейрамбек Жәнібек «Қазақстан» әнін өз мәнерінде орындады. Іс-шара салтанатты марапаттау рәсімімен жалғасты. Мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. Жиын оқушылардың мәнерлеп оқуымен және оқушылардың хорымен аяқталды.
Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең болғай. Қазақстанға оңайлықпен келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік! Егеменді Қазақстан жасасын!