Балқаш қаласындағы Оқушылар сарайында Астана қаласындағы Есіл Университетінің өкілдерімен кездесу

Дата: 2023-05-14 16:53:21

2023 жылдың 04 мамырында кәсіби бағдарлау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінің 10-11 сынып оқушылары Балқаш қаласындағы Оқушылар сарайында Астана қаласындағы Есіл Университетінің өкілдерімен кездесті. Оқушылар университет тарихымен, білім беру бағдарламаларымен, мамандықтарымен, оған түсу шартымен танысты. Есіл Университетінде мамандарды даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі қамтылған: бакалавриат, магистратура, докторантура. Қашықтықтан оқыту бағдарламалары да бар.Сондай-ақ талапкер мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға түсе алады. Әскери кафедрада оқу мүмкіндігі ұсынылады. Кездесу соңында университет студенттері өз өнерлерін көрсетті, буклеттер таратты.