"Мамандықтар жәрмеңкесі-2023" іс- шарасы

Дата: 2023-05-14 16:49:05

2023 жылдың 21 сәуірінде кәсіби бағдарлау мақсатында Балқаш қаласы Оқушылар сарайында 8-9 сынып оқушыларына арналған "Мамандықтар жәрмеңкесі-2023" іс- шарасы  өтті. Жәрмеңкеде Балқаш қаласы Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледж, Ә.Мусин атындағы гуманитарлы- техникалық колледж, "Қазақмыс" корпорациясының Политехникалық колледжі,  "Балқашсервиз" колледжі, Балқаш медициналық колледжі  өкілдері оқушыларды мамандықтар түрлерімен таныстырды,  колледжге түсу ережесі туралы кең көлемде түсінік берді. Колледж студенттері мамандықтарына байланысты тәжірибелік жұмыстар көрсетті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Жәрмеңке соңында алған ақпараттарын зерделеу үшін оқушыларға буклеттер таратылды.