Балқаш қаласындағы Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледж өкілдері

Дата: 2023-05-12 12:35:36

2023 жылдың 19 сәуірінде кәсіби бағдар беру мақсатында Балқаш қаласындағы Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледж өкілдері Ы.Алтынсарин атындағы 25 ЖББ мектебінің 9 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесуде колледж тарихымен, мамандықтар түрлерімен таныстырып, колледжде 29 оқу кабинеті, кітапхана, сонымен қатар дәнекерлеу, слесарь, құрылысшылар, электрик ер, кран машинисі, автокөлік жөндеушісі шеберханалары бар. Шеберхана колледж аумағында орналасқаны туралы кең көлемде түсінік берді. Колледжге 2 жыл 10 ай оқу мерзімімен 9 сыныптық оқу білім негізінде қабылдау жүргізіледі. Өтініштер маусым айынан қабылданатынын туралы айтты.