«Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты тақырыбында тәрбие сағаты

Дата: 2023-05-10 19:01:01

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де мектепалды даярлық 0 «А», 0 «Б» сыныптарында «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: тәрбиеленушілер бойына Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.