«Өнегелі өмір» облыстық жобасы аясында 8-9 сынып қыз балаларымен кездесу

Дата: 2023-01-27 15:40:47

23.01.2023 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі» КММ –де «Өнегелі өмір» облыстық жобаны іске асыру,оқушыларды мамандыққа баулу және қыз балалар тәрбиесіне ерекше мән беру,зиянды әрекеттерден сақтану мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Тақырыбы: «Денсаулық –өмір негізі»

Кездесу қонағы: Әйгерім Сламбекова - дәрігер акушер-гинеколог және адам репродукциясы бойынша халықаралық сертификатталған жаттықтырушы, халықаралық гинекологтар қауымдастығының мүшесі .

Кездесу қонағы сөзін қыз балалар тәрбиесінен бастады. Дәріс барысында қыздар денсаулығы, тазалығы мен тәртібі және электронды темекінің зияны туралы бейнебаяндар көрсетілді. Оқушылар гинеколог дәрігерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, маманның кәсіби жауаптарын тыңдады және пікір алмасып, ой бөлісті.

Қатысушылар: 8-9 сынып қыз балалары.

Ұйымдастырушылар: 8-9 сынып жетекшілері.