Салтанатты жиын

Дата: 2023-01-19 15:17:09

25 қазан Республика күніне орай 21.10.2022 жылы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де салтанатты жиын өтті. Жиын мемлекеттік әнұран айтумен басталды. Салтанатты жиын барысында 4 сынып оқушылары “Тәуелсіз менің Отаным” атты хор орындаса, 7А сынып оқушыларынан құралған үгіт насихат тобы республика күнінің маңыздылығы туралы мағлұмат берді.
Республика күніне орай 2-4, 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілген диктант байқауында “Ең сауатты оқушы”, “Көркем жазу” номинациясы бойынша, эссе байқауында “Ең үздік эссе”, “Ең тұжырымды ой” номинациясы бойынша, спорттық жарыстардан “Ең үздік ойыншы”, “Ең жүйрік оқушы” номинациясы бойынша және қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар үздік және озат оқитын, қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын 5-сынып білім алушылары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Қабылданушылар патриот болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді.
Салтанатты жиын “Атамекен” әнін шырқаумен аяқталды.