"Жыл мұғалімі"

Дата: 2023-01-18 15:12:22

27, 28-қазан күндері мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Бейсекина Кулзия Алшымбековна республикалық "Жыл мұғалімі" байқауының қалалық кезеңінде тарих пәнінен 1 ашық сабақ және сыныптан тыс іс- шара өткізді. Ереже бойынша сабақтар таныс емес сыныпта өтті. Ашық сабақ қаламыздың С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында, ал сыныптан тыс шара Әл- Фараби атындағы жалпы білім беретін мектепте өтті. Топтық жұмыс, интербелсенді әдістерге құрылған тапсырмалар, сабақтың әр кезеңіндегі бағалау сабақтың мақсатқа жетуіне әкелді. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!