"Ұстаз - ұлы тұлға" атты ұстаздарымызды құттықтау мерекелік концерті

Дата: 2023-01-12 15:44:14

Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2022 жыл 30 қыркүйекте мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ұстаз - ұлы тұлға" атты ұстаздарымызды құттықтау мерекелік концерті болып өтті. Ұстаздарымыздың ерен еңбектері бағаланып, қалалық білім бөлімінен Шайхенова К.Х., Асқаров А.А., Сатиев Қ.А алғыс хатпен марапатталса, мектепішілік алғыс хатпен Тлеубеков К.К., Хавдал А., Амирбаева С.С., Бакирова Г.М., Жеткін Н.Х. марапатталды.

Биылғы оқу жылында зейнетке шыққан орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Курмангалиева Р.М. және 50 жыл еңбек өтілі бар 70 жас мерей тойымен математика пәні мұғалімі Т.Меирбековаға мектеп ұжымы атынан шапан жауып, ізгі тілектерін арнады.