«Абайла, балақай!» тақырыбында акция

Дата: 2023-01-05 11:37:41

2022 жылдың 12 қыркүйек күні жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жас жол инспекторларымен бірлесе «Абайла, балақай!» тақырыбында акция өткізілді. Бұл жоба аясында мектеп оқушылары жол жүру ережелерін ғана емес, көшеде өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де үйренеді. Ондағы мақсат – мектеп жасындағы балаларды жол-көлік апаттарынан сақтандыру. Бұл шара балалардың қатысуымен болған жол көлік оқиғаларының себептері мен мән-жайларын зерттеу, мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып, балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.