"Берекелі, алтын күз" атты ертеңгілік

Дата: 2022-11-14 17:04:58

27.10.2022 жылы «Ы. Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ мектепалды даярлық 0 «А», 0 «Б» сыныптары арасында "Берекелі, алтын күз" атты ертеңгілік өтті. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. Ертеңгілігімізде тәрбиеленушілер ән айтып, би биледі. Күз туралы тақпақтарын айтып, ойындар ойнады. Ата-аналар арасында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге аналардың балаларымен бірге жасаған жұмыстары қойылды.