Жазғы мектеп - 2022

Дата: 2022-06-02 01:35:31

"Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 30 мамыр күні «Жазғы мектеп» өз жұмысын жалғастыруда. «Жазғы мектептегі» оқушыларымыздың белсенділігі жоғары,сабаққа деген қызығушылықтары жақсы.Әр күні оқушыларымыз мектепке көтеріңкі көңіл-күймен келуде. Жазғы мектепте күрделі тақырыптарды ойын түрінде игерудің себебінен оқушыларымыз мектепке жақсы көңіл-күймен келеді. Оқушылар әр пән бойынша бағдарламаға сай қиындатылған тақырыптарды меңгеруде қызықты танымдық жұмыстар орындады. Математика сабақтарында оқушылар «шыбын аулау» әдісі арқылы көбейту кестесін қайталап, «математикалық калейдоскоп» және логикалық есептерді практикалық түрде шешуін тауып көрсетті. Ана тілі сабағында жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды қайталап, мысалдар келтірді. «Филворд» әдісі арқылы жасырынған сөздерді тапты.