«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері»

Дата: 2022-05-30 17:34:00

08.02.2022 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ – де «Құқықтық навигатор» апталығы аясында 5-7 сынып оқушыларынан тест жұмысы алынды. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері».

Мақсаты: Оқушылардың Елтаңба, Ту,

Әнұран туралы білімдерін нығайта отырып, Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанның тарихын білуге тәрбиелеу.

Тест орындауға барлығы 64 оқушы қатысты. Тест тапсыру арқылы оқушылар мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерін толықтырып, құрметтеуге үйренді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу екенін түсінді.

Ұйымдастырушы: тарих пәнінің мұғалімі Бейсекина К.А