Қабырға газеті сайысы

Дата: 2022-05-21 14:46:40

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

Жаңа жыл - бұл құттықтаулар, ерекше сыйлықтар мен жақсы көңіл-күй уақыты.

Мереке қарсаңында адамдар үйлерін, жұмыс орындарын безендіреді. Безендірудің міндетті атрибуты – қабырға газеті.

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде «Төрлет, төрлет Жаңа жыл!» атты іс-шара жоспарына сәйкес Жаңа жыл кешіне орай 1-4 сынып және 5-9 сыныптары арасында қабырға газеті сайысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын, эстетикалық талғамын, сұлулыққа, ұжыммен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Байқауға барлығы 17 қабырға газеті ұсынылды. Байқаудың қорытындысы бойынша:

1-4 сыныптары арасында:

Бас жүлде – 2 «Б» сыныбы;

I орын – 1 «А» сынып оқушысы Нығыман Аида;

II орын – 1 «Б» сынып оқушысы Уәлибек Нұрдаулет;

III орын -1 «А» сынып оқушысы Қуанышқызы Аружан;

5-9 сыныптары арасында:

Бас жүлде – 9 «А» сыныбы;

I орын – 5 «Б» сыныбы;

II орын – 6 «А», 6 «Б» сыныптары;

III орын – 5 «А», 7 «А», 9 «Б» сыныптары;

Байқауға белсене қатысқаны үшін 3 «Б», 7 «Б», 8 «А», 8 «Б» сыныптары Алғыс хатпен марапатталды.