Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі бойынша ІІ жартыжылдық қорытындысы

Дата: 2022-02-21 15:04:07

 

   Кезекті 2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны да өз мəресіне жетуге санаулы күндер қалғаны бəрімізге аян. Осыған орай Балқаш қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінің директорының міндетін атқарушы Жолдасбекова Маржан Магазовна желтоқсан айының 3-і күні сағат 16.00-де 1-11 сыныптың ата-аналарына бағытталған ZOOM платформасы арқылы "БАСШЫ САҒАТЫН" өткізді. Өзектілігі кеңейіп тұрған басты мəселелерді көтеріп, эфир барысында туындаған сұрақтарға нақты жауап беріп отырды.
Күн тəртібіндегі мəселелердің барлығы дерлік қарастырылды.
1. ІІ тоқсанды ойдағыдай аяқтау.
2. Қыс мезгіліндегі балалардың қауіпсіздігі.
3. Оқушылардың қысқы демалысы.
4. Әртүрлі мәселелер.
Мектебіміздің медбикесі Тускеева Бейбіт Арыстанбекқызы "PFIZER" вакцинасы туралы толық мәлімет берді.
Бүгінгі жиналыста айтылған күн тәртібіндегі әр мәселенің өзекті жəне маңыздылығы зор екеніне барлық қатысушылар көз жеткізіп, ой түйді, қорытынды жасады, сындарлы жоспар құрды деген ойдамыз. Үштік одақтың бірігуі арқылы әр мәселе өз шешімін еш қиындықсыз табады деген ойдамыз.