«Баланың құқықтары мен міндеттері» атты флаер байқауы
Дата: 2022-02-18 14:48:14
Отанымыздың ертеңі де, өркені де - бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың тәлімді де, тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның парызы мен қарызы десек, еш қателеспейміз. Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры - жас ұрпақ. Өскелең ұрпақ қамын ойлау, балалық шақтың басымдығын мойындататын терең моральдық құндылық екені де сөзсіз. Отанымыз алғашқы қадамынан бастап-ақ бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріп, соның талаптарының аясында жұмыс жүргізумен келеді.
1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады.
Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп-жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.
Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай 5-7 сыныптар арасында «Баланың құқықтары мен міндеттері» атты флаер байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты - оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.