«Тауып көрші» атты интеллектуалды ойын

Дата: 2022-02-01 11:43:26

28.01.2022 жылы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-інде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Математика біздің айналамызда» математика сауаттылығы апталығының мектепішілік іс-шарасының соңғы күнгі жоспарына сәйкес мектепалды даярлық тобының 0 «А» тәрбиеленушілері арасында қашықтықтан «Тауып көрші» атты интеллектуалды ойын өтті.

Мақсаты: балалардың математикалық білім мен ұғымдар негізінде ақыл –ой қабілеттерін қалыптастыру. 1 ден-10 ға дейінгі сандарды тура және кері санай білу дағдыларын жетілдіру. Қосу және азайту амалдарын суретпен сәйкестендіруді білуге үйрету, есептер шығаруды жалғастыру. Ойлау қабілеттерін арттыру. Алған білімдерін пысықтау.